-
Байгонов Серик Сагиндыкович
Туған жылы, туған жері: 24.01.1978 ж. СҚО, Уәлиханов ауданы, Мортық ауылы Білімі: жоғары, 2006 ж, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті, дене шынықтыру факультеті. Марапатталуы: ҚР Білім және ғылым министрі Құрмет грамотасы, 2018 ж. Жалпы жұмыс өтілі: 28 жыл Басқару орындағы жұмыс өтілі: 6 жыл Байгонов Серик Сагиндыкович еңбек жолын 1996 жылдан бастап «Мортық орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2017 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған. 2018 жылдан бастап «Мортық орта мектебі» КММ директоры лауазымында және қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқарады. Мектеп директоры лауазымына "басшы-менеджер" санаты 2021 жылы берілді. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі - 28 жыл. 2021 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде «педагог-сарапшы» біліктілігі берілді. Байгонов Серик Сагиндыкович қызметтік міндеттерін атқаруға адал ниетпен қарайды. Білім беру саласында педагогикалық ұжымның жұмысын кәсіби тұрғыда бағыттай алады. Жұмыс барысында көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетеді. Жыл сайын оның басшылығымен мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар атанады. Серик Сагиндыкович өзін сауатты басшы ретінде көрсетеді. Қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарады. Қоғамдық жұмыстарға белсенді. Өзі басқарған ұжымда мұғалімдердің шығармашылық бастамаларын қолдайды. Білім беру саласындағы елеулі үлесі және білім алушыларды даярлаудағы жетістіктері үшін төмендегідей марапаттары бар: - Уәлиханов ауданы білім бөлім басшысының Алғыс хаты, 2017 ж. - ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сагадиев Құрмет грамотасы, 2018ж.; - Уәлиханов ауданы «Ең үздік жас отбасы» сайысында І орын, 2020ж.; - СҚО «Жастар-2019» спартакиадасының волейбол сайысы ІҮ орын; - ККО олимпиадасында ІІ дәрежелі Диплом, 2022ж.; - Халықаралық дене шынықтыру пәні бойынша 4-сыныптар арасында олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хат, 2022ж.; - СҚО бойынша дене шынықтыру пәнінен ұстаздар арасында онлайн олимпиадасының жеңімпазы, 2022ж.; - Уәлиханов аудан әкімінің Алғыс хаты, 2023ж.; Баспасөз материалдары: - «Ұстаз тілегі» сайтында «Жарыс ойынын ұйымдастыру» тақырыбында мақала. - «Ұстаз тілегі» сайтында «Қозғалысты дене қыздыру элементтері» тақырыбында мақала. - «Ұстаз тілегі» сайтында «Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру» тақырыбында мақала.






